#BTS_IMAGINE_BFH
-by:#lovely
❗АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ САҚТАЛҒАН ❗
#Елестетші Чонгук туған ұлын қателік деп санайды. Ал, ұлың болса қазір әке махаббатына зәру.
Қысқаша түсініктеме
Чонгук екуің осыдан бір жыл бұрын некелестіңдер. Бір-біріңе ғашық болып немесе ессіз сүйіп қосылған жоқсыңдар. Сен одан жүкті болдың. Тойдан кейін оны мүлдем көрген емессің. Тек үйдегілер оның Қытайда іс-сапармен жүргенін айтады. Сонда да саған бір рет хабарласқан емес. Бір рет баласын сұраған емес.
#Елестетші арайлап атқан таң, самал желімен керемет үйлесім тапқандай. Біздің аруымыз әлдеқашан ұйқысынан тұрып қойған. Тек түрі солыңқы. Көзінде мұң, жүзінде қайғы. Осыдан бір жыл бұрын, бұл қыз басқаша еді. Тек бір ғана қателік, бүкіл өмірінің тас талқанын шығарды. Ия, сол бір қателік бар өміріңді құртты.
#Еске_түсіру
Жол жиегінде жылап кетіп бара жатқан ару. Бұл ару сен едің. Қолыңда соджу, арасында жұтып қоясың. Бүгін жұмыстан шыққаныңа ренжіп барасың. Орта таптан шыққаныңды, әкеңнің жоқ екенін бетіңе басып төмендетуі еді. Жұмыста бір жұмыскер саған жала жапты. Істемеген ісің үшін нан тауып отырған жұмысыңнан айырлған едің.
Солай бір соджуды тауыстың. Ішің әлі өртеніп жатыр. Басылар емес. Сәл де болсын масайғаның да бар. Орныңнан тұра жақын маңдағы клубта барғың келді. Ішіндегі күйікті солай басамын деп ойладың. Үнсіз клубқа келіп жайғастың. Барменге бір шарап тапсырып, үнсіз бір нүктеге қадалып отырдың. Бір кезде қасыңнан бір суық дауыс естілді.
— Бикеш сіз неге жылап отырсыз? - оған бұрылып қарадың да жауап қайтармадың.
— Сізде қиыншылық болар. Менде де дәл солай. Әкемнен әбден шаршап кеттім. - алдындағы шарабынан ұрттап. Бұл сөзінен соң жігітке қарадың. Оныңда жүзінен ашу мен кек байқалды.
— Өз әкеңізден шаршайтындай не болды? Қайта әкеңіз бар қуанбайсыз ба!
— Ондай әкенің барынан жоғы. Мені бала сияқты көреді, - ызалана айтып отыр.
— Туған әкеңіз болса, сізді уайымдағаны ғой, - өзіңнің де әкең ерте кеткендіктен бұл сөздері саған ұнаған жоқ.
— Жаны ашып, уайымдаса бөтен біреуге үйлен демес еді. Менің өз сүйгенім бар. Ал оны ешкім ұнатпайды, - жігітті де түсінуге болады. Өз сүйгені бола тұра, басқаны жары ете алмайды.
— Неге, олай жасайды? Адам өз сүгенімен болу керек. Кейін әкеңіз емес, сіз онымен тұратын адамсыз, - өз ойыңды жеткізе.
— Ол бар болғаны клубта бармен болып жұмыс жасайды. Әкем оны жезөкше санайды, - диалог көпке жалғасты. Өзіңе сыр шертетін адам тапқандай шер тарқатып отырсың. Ол да саған бәрін ашық жеткізіп жатыр. Алдарыңда бес алты құты босап қалған. Соған қарағанда екуіңде масайып қалғансыңдар. Көп ұзамай Чонгук орнынан тұрып, сенің қолыңнан ұстады. Мас болсаңда ештеңе түсінбей жатырсың. Чонгук сені жетектеген күйі вип бөлмеге кіріп кетті. Қарсылық жоқ еріп келесің.
— Пәксің бе?
— Не? - түсініксіз түрмен Чонгукке қарадың.
— Пәксің бе деймін, - сәл қатты тонмен.
— Мен ик..мен жігітпен жүрмегенмін ик.. - ыржықтап тұрғаныңда, Чонгук ерніңе жабыса кетті.
(Ары-қарай өз пантазияңызбен)
#Елестетші түскі уақыт болып қойған. Чон мырза Чонгукты жер жүзінен іздестіріп жүр.
Сен денеңдегі ауыртпашылық пен ояндың. Көздеріңді жайлап ашқаныңда бөтен жер екенін бірден сездің. Жүрегің қылт ете қалды. Көздеріңді толығымен ашып артқа бұрылдың. Өзіңе қарап ұйқтап жатқан жігітті көре бар даусыңмен шыңғардың. Жігітте жүрегі тоқтап қала жаздады. Төсектен атып тұрды.
— Есің дұрыс па? Неге шыңғырасың!
— Мен мұнда неге жатырмын? Не істедің маған? - өкіріп жылай кеттің. Чонгук шашылған киімдердің арасынан өзінің киімін киіп жатыр.
Чонгуктың клубта қонғанына көз жеткізген Чон мырза, сонда бет алды. Еш қиындықсыз қай бөлме де екенін білді.
Сен көрпені оранып алып жерде өкіріп отырсың. Тарс етіп ашылған есіктің дауысынан екеуің де жалт қарадыңдар.
— Әке? - көз алдындағы көріністен Чон мырза тепе-теңтікті сақтай алмай кетті. Чонгук та сасып қалды
— Әке, м..мен...
— Көргенсіз! Тәбиесіз сен бүлдірдің? Мен саған осылай тәрбие бердім ба? Ана қызды ертіп маған келетін бол! - дей есікті жауып кетіп қалды. Жанында өз көмекшілері. Ұлынан мұндайды күтпесе керек. Қатты ашуланды.
— Сенің кесірің! Менің жанымда қайдан жатырсың, - ашулы көздерімен саған қарады. Сен еш жауапсыз жылай бердің.
Төсекте ашық көрініп жатқан қанды Чон мырза да көрген болу керек. Чонгукта көрді. Өз қателігі екенін біліп тұрса да мойындағысы келмейді. Бұл оқиғағада сен кінәлі болдың.
#Еске_түсіру_аяқталды
Таныстыру
Чон Чонгук 27 - жастағы сымбатты, сұңғақ бойлы сері жігіт. Әкесі өте ауқатты адам. Жалғыз ұлы Чонгук болғандықтан көп шарттар мен тиымдар қояды. Өгей анасы мен қарындасы бар. Қарындасын мүлдем ұнатпайды. Сол үйге мүлдем барғысы келмейді. Әкесінен қорыққанынан ғана барады.
Таныстыру аяқталды.
#Елестетші арада бір жыл зымырап өтіп кетті. Сол түнгі қателігіңнің арқасында тозақ өмір кешіп жатырсың. Ия, сен сол түннен соң жүкті екеніңді білдің. Сен ғана емес Чон мырза мен Чонгукта білді. Чон мырзаның айтуымен Чонгук саған үйленуге мәжбүр болды.
Бұл үйде Чон мырзаның айтқаны заң болады екен. Сен басында еш үйренісе алмадың. Енең саған көмектесті. Енеңнің жақсы адам екенін түсінсең де қызына көңілің толмайтын. Сен жасаған ісіңнен мін іздеп, ұрыс шығарып отырады. Үнемі сенің кедей екеніңді бетіңе басатын. Қазір үш ай енді ғана толған ұлың бар. Есімі Чон Юль. Бұл есімді атасы Чон мырза қойған.
Чонгуктың қайда екенін нақты білмейсің. Чон Юль туылғанда да, туылар алдында да Чонгукты мүлдем көрген жоқсың. Құдды бұл баланы күлге аунап тапқандай күй кешесің. Бәлкім, сол күні клубқа бармай үйге қайтқаныңда бұлай болмас па еді кім білсін.
Сен ортадағы қонақ бөлмеде Юльді тербетіп отырсың. Жан-жағыңа қарап қоясың. Әйтеуір бәрі қарбалас. Бір қызметшіні тоқтатып алдың да неге бұлай дайындалып жатқанын сұрадың. Ол Чонгук мырзаның Қытайдан келе жатқанын айтты. Аса мән бермедің. Тіпті, түрін де ұмытқан боларсың, аса қызық болмады. Чонгук келгенімен саған келіп кетері жоқ деп ойладың. Юльді көтеріп бөлмелеріңе кетіп қалдың. Сен әрине Чонның бөлмесінде тұрасың. Қасында бесігі бар. Юльді бесігіне жатқыза тербетіп отырсың. Сондай сүйкімді. Көздері, қолдары, еріндері бәрі Чонгуктан айнымайды. Құдды, аузынан түсе салғандай. Бірақ, бір рет бауырына баспағанына қынжыласың.
Кеш боп қалған кез. Астында бәрі у-шу болып жатыр. Сен бөлмеде өзіңмен өзің жүрсің. Ол неменге келді екен депте ойлап қоясың. Сүйтіп жүргеніңде қайын сіңілің Сана келді. Тамаққа шақырып жатқанын айтты. Сен бармайтыныңды айттың. Бірақ амалсыз түстің. Толық дастархан, төрт көз түгел отыр.
Чонгук саған тесіле қарады. Сенде солай қарадың. Көзіңді дереу тайдыра Сананың жанына жайнастың.
— Қызым, Юль ұйқтап қалды ма? - енең аузына тамақтарын сала.
— Жаңа ұйқтады. Бүгін мазасы болмады, ертең дәрігерге апарамын. - сен еш қысылмастан сөйлеп отырсың. Бір жылда бәріне үйреніп кеттің ғой. Чонгук әңімеге жай ғана құлағын түріп отыра берді. Санада ағасына сызылып өліп барады. Кештерің қызықты өтті десем болмас, саған мүлдем ұнаған жоқ. Солай үстел үстін жиыстырып, келіндік міндеттеріңді орындап жүрсің. Барлығы өз бөлмелеріне тарап кеткен. Үй қызыметшілері мен сен ғана өз жұмыстарыңды жасап жүрсіңдер. Юльді емізетін уақыты болып қалғанын көріе жоғары көтерілдің. Бөлмеге кіргендегі көрініске таң қалдың. Чонгук төсекте ұйықтап жатыр. Әлгінде бесікке салып кеткен балаң төсекте жатыр. Соған қарағанда жылаған сияқты. Юльге бір қарап жуынатын заттарын алып келдің. Өзіне сай кішкентай ваннасына көпіршік сабынын құйып жуынатын бөлмеге кірдің. Көп кешікпей Юльді алып жуындыра бастадың. Сондай кішкентай әрі сүйкімді. Сәбиге алты айлығына дейін ерекше күтім қажет, барынша тырысып жүрсің.
Өз міндеттеріңді толығымен атқара білесің. Әрі сәби шомылдырғанды ұната бермейтінін бәріміз білеміз. Юльде сондай қырсық, әрі жылауық. Тоқтаусыз жылап жатқан дауысы бүкіл үйді алып жатыр. Киіндіріп төсекке отырып емізіп жатырсың. Чонгук оянып кеткен. Юьдің жылағаны оятқан болу керек. Құлағын бітеп ары - бері аунап жатыр.
— Даусы неткен ащы. Ұйқтатпады ғой. - басын көтере жақтырмаған дауыста сөйледі.
— Ұнамаса басқа жаққа барып жат! Әдетте бұлай жыламайтын, сенің келгенің ұнамаған шығар, - дәл өзі сияқты жауап қайтардың.
— Әкемнен ұялғасын осында жатырмын, - мұрнының астымен сөйлей қайта көрпені басына дейін жауып алды. Оған мән бермей балаңды ұйқтатып тастадың. Өзіңде төсектің бергі шетіне жаттың. Енді ұйықтайын дегеніңде телефоныңа қоңырау келіп түсті. Бала оянбас үшін дереу көтердің.
— Алло, бұл кім?
— Менмін ғой, Чимин. Кеш қабарласқаным үшін кешір.
— О, Чимин ~аа, не болып қалды? - сызыла жауап бердің.
— Ертең кездесе аламыз ба?
— Ертең Чон Юльді дәрігерге апарамын сосын кезігейік, - бәсең дауыста сөйлесіп отырсың. Енді сөйлей бергенде Чонгук қолыңдағы телефонды жұлып алды.
БАСҚА ТОПТА ШЫҚҚАН ОСЫ ТОПТА ЖАЛҒАСАТЫН БОЛАДЫ!