✏ Біздің оқырманымыздан ✍
Секемшіл сұлу дос !
Ол бала кезбен менімен ,
Бірге ұлғайып өсіпті ғой .
Кейбіреумен байланысты ,
Толық шектеп кесіпті ғой .
Пайданы көрген шақта ,
Болмады мүлде жалқау еріншек .
Айтары : - "өзіңді бапта" ,
Көзіме көрінді боп сұлу келіншек .
Одан ажырағым келмейді ,
Өміріме ажар нұрды кіргізеді .
Оны көп жұмсап пайданалам ,
Тірлікті алға қарай жүргізеді .
Күнә атты жаудан қорғайтын ,
Басыма бақ болып орнайтын .
Жұмысымды,мені тексереді ,
Ақиқатпенен ғана шектеледі .
Білім деген қаруға сүйенген ,
Миымды мекендеп үй еткен .
Уайымға қатты берілгіш .
Елге ісімен ғана көрінгіш .
Жақсы мен жаман ортасында ,
Жараған қиын ауыр қызметке .
Шүкір еттім оның арқасында ,
Алла тағала берген нығметке .
Маған тек пайдасы тиді ,
Өмірдегі қымбат бар асылым .
Басқаратұғын көңіл күйді ,
Тәніме де хәлі де жанашырым ,
Секемшіл сұлу дос - ақыл !
