#BTS_IMAGINE_QRF
#Елестетші, ақшаға әуес күйеуің сені құмар ойынға тігіп жіберсе..
9 бөлім
#Елестетші, ол аңыранып қарап қалғанда, жанына келген Жаклин " не болды?" дегендей басын изеді. Сен ана жақтан, Тэхён мына жақтан бір-біріңе үздіксіз қарап тұрсыңдар. Сен жатырқай көз тастасаң, ол жаныңды мың азапқа салатындай қарайды. Сөйтіп тұрғанда Жаклин дәл Кристиандай оның қолынан ертіп, қонақтар арасына алып кетті. Бұл жолы кезек сенікі ме? Ол Жаклиннің жетегінде кеткенде, жүрегің әлдебір ауырлықпен кезіккендей күй кешті.
Кристиан үстел басына алып келіп:
— Не ішесің? - қарама-қарсы бетке өтті. Сен алдыңғы минуттарда есіңнің кіресілі-шығасылы болып тұрғаны үшін, жарытып Кристің сөздерін естімедің. Себебі, анадай ойыңда ойпат қалдыратын жанардан кейін өзіңе келу қиын болды. Сен ештеңе демегесін, Кристиан өзінше сенің орныңа тапсырыс беріп, шарап алдыртты.
— Не, өмір бақи осылай тұрмақсың ба?
— А?
Кристиан бокалды шарапты саған қарай ысырып.
— Жүзім. 1920 жылғы. Франкфуртта жасалған. Жағымды әсер қалдырары анық!
— Ішімдікке құмар екеніңді осыдан-ақ білуге болады! - оның шарап жайлы саған мәлімет бергеніне таңданып, бокалдан бір ұрттадың.
— Мүлде олай емес.
Сен күліп жібердің.
— Айтшы, ішкілікке салынған адамға ұқсаймын ба? - ол "түріме анық қарап ал" дегендей басын алдыға созып.
— Бәлкім, солай шығар? - сен күлкіңді азырақ басып," білмеймін" дегендей, иығыңды көтердің. Екеуің осы сәтте әңгімені болмашы шарап үшін өрбіп кеткеніне бірдей күліп жібердіңдер.
Есеп бойынша алты, не жеті метр қашықтықта сені зығырданы қайнап отырса да, өзімен бірге маңызды мәселені талқылап жатқан әріптестеріне сыр білдірмей, оларды Тэхён ұйып тыңдап тұр. Қолына виски бокалын қатты қысып алған. Анда-санда өзінің ойын қажет еткендерге басын изеп, сөз сөйлейді. Бірақ, апыр-топыр қаны басына шауып, ашуы асқынып кетпеуі үшін өзін қолға алуда. Сонда сенімен Кристің сөздері үйлесе кетті ме, күлкің баяғыдан көбірек бетіңде біліне бастағанда, ол ақыл-естен алжудың сәл-ақ алдында тұрды. Қазір барып.. бәрінің тас талқанын шығарар?
Жоқ,әрине. Кейде ол ұстамды. Өзін асқақ тұтатындардың алдында абыройын аяқ ете алмайды. Сол үшін өзін, жынын тежеуге мәжбүр!
— Маған әлі ашулысың ба? Қабағыңнан қар арылмады ғой, келгелі! - Жаклин оның құлағына сыбырлап.
— Жаклин, егер білсең?
— Жә! Айтпа! Қатемді бесіме баспақ болсаң, айтпа! осы жерден тоқташы!
— Біледі екенсің! - Жаклиннің артық сөгіс естуге зауқы жоқ екенін көргенде оны еріксіз күлкі қыстады.
— Мазақ қылып тұрсың ба?
— Не үшін?
Жаклин оның түріне қарап, күлуінің себебі өзінің сөзі деп ойлады. Жаклиннің өзіде езу тартып:
— Күліп жатырсың ба?!
— Жоқ! - түрін жинап, тамағын қырнай қалып еді, Жаклин қатқыл басшының, ескі сыныптасының, қазіргі досының әрекетіне жылы жымиып қойды.
— Тэхён мырза, сіз қазір өз сөйлейсіз, - деді Асилия төрден орын мен микрофон дайындап жатқандарын айтып.
#Елестетші, сендердегі араны біраз адым жол бөліп жатса да, бір-бірлеріңді сырттан бақылау қиын болмады. Сенде оның Жаклиннің әр сөзін құлақ тосып тыңдап тұрғанын көрдің. Оның сөзіне бола күлгенін көрдің. Енді не? Ішіңде опынып жатқан қай сезім? Білу мүмкін емес. Құдды бір-бірін сүйе тұра, күйдіріп жатқан ғашықтардың ойынына ұқсайды. Бұл оның біреуге қарап күлгенін көрсе, бұлда оны қылғандыру үшін солай жасайтындай. Анығында солай ма екен?
Ол бірде қонақтардың түгелін өзіне қаратып, сөз сөйледі. Бәріде тынышталып, оның әрбір сөзін құлшына тыңдағаны өтірік емес. Оның дауыс тоны, қоңыр үні, өзіндік сөз саптауы, қысаңсыз тілі ел-жұртты танауын тартып, өзіне бағыттады. Ғажап па екен? Оның жан дүниесінде қазір тау тасқа шағылып, орман алқабы өртке оранған күйде болса да, ол өзіндік мінсіздігі бәз-баяғы қалпы сақталған.
— Кештен ләззат алыңыздар! Маестро! - қолындағы шарап қадағын алдыға созып, олармен бокал соғыстырғандай болды да, қонақтар арасына кіріп, ғайып болып кетті. Ал, оның сөзінің артынан ду шапалақ соғылып біраз тұрды. Ол сөйлеп тұрған кезінде, көзімен сені тауып алды. Және оның көздерінде " менен көресіні көресің" дегендей беймағлұм сөздер жазулы болатын. Денең тітіркеніп, өзіңді алып қаштың.
Шет тұста тұрған оркестр бірден өзінің ерітіп әкетер өнерін ортаға салып, барлығы, жұп-жұбымен вальс билеуге көшті. Әйелдерімен келгендер, өз ханымдарының қолынан жетелеп, ырғалаң биге өз үлесін қосты. Ал, бойдақтар, сондағы бір ұнамды деген бойжеткендердің рұқсатын алып, қалыс қалмады. Сен олардың әдемі биін үнсіз тамашалап тұрғанда, Крис саған тағы да үздіксіз үмітпен қарап, билейік деді. Қызық, ол сондай сыпайы! Оның ұсынылған қолын қабылдауға сенде батылдық жетпей, біразға дейін тоқтап қалдың. Бірақ, әңгімелердің жарасып, оның артық ниеттен алыс екенін сезгендей қолыңды оның созылған алақанының үстіне қоя бергеніңде, білегіңнен жұлқылаған біреу, сені вальс билеп жатқандар арасына алып кетті. Иә, ол сол! Сол Тэхён! Бірден жауырынын тіктеп, беліңе қойған қолдары арқылы сен өзіне тақап алды да, саусақтарыңды сүйем бармақ арасынан өткізіп, саған қарады. Сен қаспен көздің арасында орын алған оның әрекетін түсініп алмай, ол өзімен қоса сеніде еріксіз түрде би ырғағымен билеуге мәжбүрледі.
— Не істеп жатырсың?!
— Көрмейсің бе?
— Жібер!
— Арманда!
Одан қанша сытылып кетуге тырыссаңда, ол сені босатпайды. Ол саған тіке қарауда, тесіліп алған, ал сен көзіңді баладай анда мына жылжытып, жалтақтайсың. Бір қолы беліңді қатты қысып алса, бір қолы нәп-нәзік саусақтарыңды қысып алған. Денелерің де барынша тақалған. Оған қарадың. Түрі сол баяғыша сұсты. Манағы жарқын күлкінің көлеңкесі де жоқ.
Кейін өтіп, оның беліндегі қолдары баяу төмен түсе бастады. Тым төмен жылжып жатқанын сезгенде денең тітіркеніп, енді одан алшақтауға барыңды сала бастадың.
— Сені тағы Кристианның жанынан көрер болсам, сені де оны аямаймын, С/е!
— Не?
— Не естісең, сол!
— Оныда сен шешесің бе, Тэхён мырза?
— Тэхён! - Жаклин жандарыңа келіп қалып еді, Тэхён оған назар аударып қалып, сені қолдан шығарды. Сен осы сәтті пайдаланып, олардан алыс кетіп қалдың. Ал, Тэхён соңыңнан бармады.
#Елестетші, егер дер кезінде Жаклин жетіп келмесе не болушы еді? Оның ойында не болды? Өкпең қысылып, тезірек ауладан кетіп қалдың. Жылдам жүгіріп, Ринаның бапталып жатқан бағына келдің де, сонда отыра қалдың. Жүрегің дүрсілдеп, дәл қазір кеудеңнен сыртқа шығып кетедіндей. Оның қарашығы сені көрінбес шырмауыққа орап, шыр-пыр етіп жатыр. Оның өзі емес, оның әрекеті, оның жанары сөнген сүмбіле гүлге жан бітіріп жатыр. Ендеше, бұл неге сені орны толмас толғанысқа батырып, қорқытады.
Кристиан сені сол замат тауып келіп, жаныңа жайғасты. Ол өзгерген бе, әлде сен оны нақұрыс көріп келгенсің бе?
— Кімнен қашып жүрсің?
— Неге келдің?
— Сеніңше, бұл жер бір тыныштықты бере алама? Сен іздеген тыныштықты?
— Кристиан, кетші..
— Тағы не істейін? Бұйыр, С/е!
— Кетсең, солда жетеді. Жалғыз қалғым келеді!
— Кеттік! Саған мынаданда жақсы жерді көрсетемін! - ол қолыңнан ұстап тұрғызып алды да, көлікке қарай жүгіре жөнелді.
— Ол қыз кім? - Жаклин сен кетіп қалғанда.
— Жарайсың, Жаклин! Бар істің белінен теп!
— Тэхён, ол кім? Түріне анық қарай алмадым!
— Не істейсің?
— Айт!
— Жаклин, барып қонақтардың қажеттіліктерін өтеуге қол ұшын соз!
— Айтасың ба, әлде артынан барып, шашын жұлып қолына ұстатайын ба?
— Оу! Оу! Не боп қалды? - Роун келіп.
— Алып кетші оны, - деді Тэхён.
— Жақсы, айтпа! Айтпа, Тэхён! - масаурап қалған Жаклин енді сен кеткен жаққа қарай бұрылып жатыр еді, Роун оны ұстап қалып кері қайтарды.
— Үйге алып бару керек сияқты.
— Алып кет!
Жағажай.
Қаладан арырақта үлкен жағажай болатын. Күндізі адам топырлап, ине қадар жер табылмаса, кешке бұл жерден өлі тыныштық орын алатын. Тек жағаға қарай, асыққан толқынның құмды шайып кетіп жатқан жағымды дауысы болмаса, тып-тыныш! Крис көлікті суға жетпей тоқтатып, екеуің түсіп кеттіңдер. Ол көлік артынан екі бөтелке сыра алып шығып, бірін саған ұстатты да, құм үстіне жайғаса кетті.
— Ғажап! - дедің шаштарыңмен ойнаған желге жүзіңді тосып. Көйлегіңнің етегін көтеріп, суға қарай жүгіріп кеттің. Толқындар асыр салып, көйлекті бәрібір су қылды. Сенімен жай ғана отырып тыныштықты көрсетемін деген Крис бұл ісіңді мүлде күтпеді. Бөтелке қақпағын ашып, ішіп отырып сенің енді үстіңнің суға малынғанын көрді. Сен бірде Криске қарай су шашыратқаныңда ол орнынан тұрып артқа шегініп кетті.
— Қорқақ!
— Менбе?
— Жоқ мен! - әліде сумен ойнауды жалғастырып.
— Көрсетемін саған қорқақты! - ол қолындағы сыраны құм үстіне қойып кетті де, саған қарай жүгіре кетті. Ол сенің соңынан қуып жете бергенде, сен шаттана күліп оның есін алдың.
Сендер бір-бірлеріңе су атысып, судың қандай салқын екенін ұмытып кеттіңдер. Оған қоса қазір түн. Ауырып қалу қаупі жоғары. Бір сағат өткесін Крис сені судан шығарып алуға әзер көндірді. Оның да, сенің де үстің малмандай су. Ол бірден сені көлікке алып барып, үйге қарай алып бару керектігін еске түсірді.
Көлік отырғанда ғана суық екенін түсіндің бе, тісің тісіңе тиіп, үсіп кеткеніңді көрген Крис мәшиненің артқы орындығынан кастюмін алып, үстіңе жапты. Ол көліктің газын іске қосқанда сен:
— Үйге алып барар болсаң, қажет емес...
— С/е?
— Өтінемін, Кристиан!
— Болмайды..
Үй.
Кеш тарқап, қызметкерлер жиыстыру жұмыстарын бастап кетіп, қазір түгетті. Тэхён тағы сені жер-көктен іздеп қалды. Кристианда жоқ. Екеуіңді жер жұтып кеткендей! Шынымен, Тэхён сені сүю осындай азап алып келсе? Ол шынымен сені сүйгені үшін осылай қиналса? Сені көзден жоғалтып ала берсе? Ол жақында, құриды ғой! Құриды!
— Мырза, олар келді! - деді Анна үй есігінен сені қолына көтеріп кіріп келе жатқан Кристі көріп. Бұл көрініс оның төбесінен жай түсірді.
— Ол тым көп ішіп қойды, - деді Крис Тэхённың өзіне сірә жұдырық жұмсар жіберетіндей келе жатқанын көргенде.
— Қайда болдыңдар! - сазарып.
— Жағажайда
— Кристиан!!..
— Уайымдама, сен ойлағандай емес.
— Құры! - Кристиан осы сөзді естігенде іштей " оданда ұрып жібергенің жақсы еді" деді.
Тэхён оның қолынан ессіз жатқан сені өз қолына алып, баспалдақпен жоғары көтеріліп кете барды. Сен бірде ақырын көздеріңді ашып, оның қолында екеніңді білгенде, сендер бөлмеге жетіп болған едіңдер. Ол сені диван үстіне жатқызып, үстіңе әлдебір затты жапты да, өзі кері бұрылып кетті. Сенің бойыңнан мастық тарамаған. Мана Крис сен жаурап отырғасын, денеңді қыздыру үшін ішімдік беріп еді. Соны күші әлі кетпепті. Бір білерің, қазір әлем саған басқаша көрінуде. Қаныңдағы адреналинмен дофамин артып бара жатқандай. Тэхён сенің көп ішіп қойғаныңды көрді. Саған тынығып алу керектігін ойлап, шығып кетпек болды. Бірақ сен:
— Қайда барасың? - дедің. Ол тоқтап қалып, қайта жүріп кетті.
— Кетпе..
— Ұйықта, ертең сөйлесеміз..
Ол сенің араларыңды жақын етіп сөйлеуіңе мастығыңды себеп деп білді. Сол үшін қазір өзін ұстауы керек.
— Қасымда қал! - Тэхён есікке жеткенде, сен орныңнан көтеріліп оның жанына келдің. Ол артқа бұрылып еді, көйлегінің жағасынан тарттың да, аяғыңның ұшымен тұрып, ерніне ерін тигіздің. Тэхён шок демеймін, себебі бұл сүйіс емес. Ол тек өзін ішімдіктің арқасында өзін батыл етіп көрсетуге тырысқан С/ені көрді. Ауыр! Мұның арты ессіз әрекетке алып бармауы үшін Тэхён сенің белдеріңе екі қолын қойып, өзінен ажыратпақ болып еді, сен қолдарыңды оның мойнынан асырдың. Ол іштей мұныңды қырсықтық деді. Ақыры, белдеріңді қаттырақ қысты да, ерінін ғана тигізіп тұрған саған сүюісудің не екенін көрсету үшін жауап бере бастады. Бара-бара оның сүйісу жауабы қаталдана бастады. Және қимылсыз тұрған С/е не істеп жатқаны миына енді барғандай, көздерін ашып, одан алшақ қадам жасады.Бәрі тым кеш секілді. Бұл жолы Тэхён сені жібермеді. Оның кеудесінен ұрып, итеруше тырысқанмен, сүлікше жабысқан еріндеріңе енді пәс түсіп, мойныңнан сүйіп жатыр.
— Аһһ!..- дедің ол тісімен ыршып алғанда. Сен артқа қарап жүріп барасың, ал ол сол ізбен сенен ажырамау үшін кереуетке қарай итеріп жіберді.
#browinv
P.s бірдеңені бүлдіреміз бе? Әлде әлі ерте ме бұған? ???
