#BTS_IMAGINE_QRF
#Елестетші, ақшаға әуес күйеуің сені құмар ойынға тігіп жіберсе..
12 бөлім. ( Әуенді қосыңыз, досым! Әсерлі болады!)
— Магридж.. Тэхён туралы.. Анығында, Тэхённың шын бейнесі жайлы!
— т-түсінбедім.. - өңің бұзылып.
Кристиан көлікті шетке тоқтатты да, бар денесімен саған бұрылып.
— Сен жайлы бәрін басынан-аяғына дейін білемін, С/е. Тіпті, Тэхённан көбірек дейін бе?
— Кристиан.. - дауысың дірілдеп. — Не деп жатырсың?
— Магридж сенің күйеуің дұрыс па? Екі апта бұрын ол үкімет тарапынан үлкен ізденіске салынып, оның денесін Маркодағы құрғақ жағажайдан тауыпты.
— Н-нее?
— Қалай ойласыңсың? Ол өзіне қол жұмсады ма, әлде қасақана өлтірілді ме?
Сен тіліңді жұтып қойдың. Тіпті, не деріңді білмейсің.
— Мен мұның бәріне Тэхёнды тікелей қатысты деп білемін. Өйткені, ол үшін бұл түкке тұрғысыз нәрсе. Әсіресе адам өлтіру. Ол мұны майдан қыл суырғандай етіп жасайды.
— Өтірік айтасың, Крис! Өтірік..- басыңды шайқап естіген сөздерді іш-ішіңнен жоққа шығарып отырсың. Магридж көлікті қайта оталдырып:
— Бір жерге алып барамын.
— Жоқ! Барғым келмейді. Үйге алып бар!
— С/е!
— Кристиан! - дедің онымен бірдей сөйлеп.
— Сені алғаш көргенде айтқан сөзім есіңде ме?
#Еске_түсіру
#Елестетші, өзіңе қарай келе жатқан кісі сұлбасын сездің. Дереу басыңды көтеріп, одан соң орныңнан тұрып кеттің. Ал, Кристианды әрекетіңнен гөрі әлпетің таңғалдырды.
— Қош келдіңіз! Мен — Кристиан Охос боламын! - жымиып қолын ұсты.
— С/е, - дедің тұйық үнмен.
— Тэхённың “қадірлі қонағы” екенсіз?
— “Тэхённың”? Ол кім?
— Түсінбедім?
Сен Тэхённың таңдағы адам екенін енді ұғамын дегенше, Кристианның артында тұрған Анна оның құлағына әлдеңені сыбырлап үлгерді. Кристиан қасын көтеріп:
— С/е, - деді бұл жолы жылы жымию емес, келеке етіп күлгендей болды. — Меніңше, мен шатастырып алдым. Қадірлі қонақ!
— А?
— Тэхён қашаннан бері казинодан ұтып алған әйелдерді төріне шығарып, сыйлайтын болған? - жағымсыз мысқыл.
— Кристиан мырза?! - деді Анна, оның бұл сөзінің орынсыз екенін білдіріп.
— Не мұны жертөледегі жезөкшелер жанына алып бармады?
Сенің көзіңнен жас ыршып түсті. Мұншалықты төмендетуге төтеп бере алмай, көз жасқа ерік бергеніңді көрген ол:
— А, айтпақшы! Ол әуелі әр әйелді осылай сыйлайды да, одан кейінгі өмірін тас талқан етеді. Күнге айналдырады. Үміттендіріп қойған қандай жақсы, ә? Қазір тойып тамақтанып ал, қымбатты С/е! Бәлкім ертеңгісін әр бұрышта қисалаң етіп жатарсың?
Ол осы айтқандарын ащы ақиқат деп білді ме мұрнын шүйіре қалып, үстел басына жайғасты.
#Еске_түсіру_аяқталды
Тэхён бүгінгі күнді жұмыстан тыс өткізуді қалады. Өйткені, бүгін ұлы күн. Ол үшін орны бөлек сәттердің өңіне айналып, бақытқа бастар жолдағы қайталанбас қадам. Қаладан шеткері орналасқан жерлердің бірін алып, безендіруге адам жалдады. Қолдан өтер іс емес, дүркіреп бір мың адамның басын бір арнаға тоғыстырардай дайындық. Сондағысы, сен және ол ғана боласыңдар. Басқа, ешкім. Бірақ, ол осылай болады екен деп, қалай болса, солай өткізгісі келмеді. Себебі, ол сенің өзіне тұрмысқа шығуың үшін ұсыныс жасайды. Сенің қолыңды сұрайды.
Сосын, мәңгілік оныкі боласың. Оған тиесілі болғансың. Әу-баста бәрі солай еді! Сенің Магриджге жар атанып, оның ыстық-суығын шығарып жүргенде емес, дүниеге келген сәттен бастап-ақ ол сенің тағдырыңа жазылған. Сен мұны мойындадың. Ол мұны мойындатқызды. Солай ма?
Крис көлікті шағын дәмхана жанына тоқтатты. Сөйлесіп алуға осы жер ыңғайлы көрінді. Көп адамда жоқ, қаумалаған жұмысшыда жоқ. Тыныш жер.
Сен Кристианның айтқан сөздерін есіңе алып, есеңгіреп отырсың. Шынымен, оның айтқандары рас па? Анна бәрін сандырақ деп айтып еді ғой! Кімге сенеміз? Кристиан оның жақын досы, бұлай жасап жатқанына не түрткі болды екен? Анна оның қызметшісі. Тэхёнды бес саусағындай білмесе, одан артық кім біледі? Әлде, көңіліңді аллаусырату үшін солай айтты ма?
Крис бірде өзі алып келген қағаздарды, Тэхён жайлы жазылған барша мәліметтерді саған біртіндеп көрсете бастады. Мәйіттердің суреті, қылмыс орны, ол өмірін құртқан қыздарды... Бірақ, ешбірінде, Тэхённың бет-бейнесі көрсетілмеген. Жылы жауып қойылған қылмыс болса керек, зардап шеккендердің бірі шағымданып келмепті. Сен Магридждың суреттегі денесін көргенде, нашар жағдайға түстің. Сөзбен айтып жеткізе алмайтын хәл. Алдымен, құлағы кесілген, тістері қағылған, одан кейін тірідей жандырып жіберіпті. Тэхён оны осындай азапты өліммен өлтіре алар ма еді? Ол осындай іске қол сұғар ма еді? Рина оны " шыбынға да зияны жоқ, тек махаббат деп сені сүйгені үшін, осылай жасамаса" деп еді.
— Сенбей отырсың ба?
—...
— С/е?!
— Неге маған айтып отырсың бұларды? Және неге қазір?
— Люси! - деп еді, артқы үстелде газет оқып отырған кісі қастарыңа келіп жайғасты.
— Айт!
— Сәлеметсіз бе, мен Люси боламын.
Сенің миыңнан кіріптар ойлар кетер емес. Неге мұндасың? Тэхёнға сенбегендіктен бе, сеніміңді нығайту үшін бе, білмедің. Неге барып, оның өзінен сұрамасқа? Неге бәрін өзінен аузынан естіп, егжей-тегжейлі біліп алмасқа?!
— Мен осыдан 1 жыл бұрын Тэхён мырзаның қол астында болым..
— Анығырақ! - Крис дауысы тонын жоғарлатып.
— Жеке жезөкшесі болып жұмыс жасадым. Мен ғана емес, басқа қыздар... Біз оқудан қуылып, күн көре алмай жүргенде, амалсыз осы жолға түстік. Өйткені, бізде бұған итермелеген Тэхён мырза. Білесіз бе, менің қазір қалай өмір сүріп жатқанымды?
—...
— Жоқ, білмейсіз! Мен тұрмысқа шыға алмаймын, бала сүйе алмаймын. Бақытты бола алмаймын. Осының бәрі оның арқасында! Енді ойлаңызшы, мен секілді қаншама қыздың өмірі осылай, осындай азаппен өтіп жатыр?
—...
— Біздің бәрімізді ол құмардан ұтады. Адам саудасын тікелей басқарып отырғанда сол - Тэхён мырза. Мен ғой, өйтіп-бүйтіп оның қолынан аман шықтым, ал өрімдей, әлсіз қаншама қыз өліп кетті.
Енді ол сізді осындай жағдайға түсірмек. Сіз қорықпайсыз ба? - сорасы жылап жатып.
— Ол енді біліп отыр! - деді Крис әрі қарай жалғастыр дегендей.
— Ендеше, кетіңіз! Одан алысқа кетіңіз. Өміріңіздің тас-талқанын шығармай тұрғанда, қашыңыз.
Сен артық отыруға күшің жетпей, тұрып кеттің. Қашан бітеді бұлар? Қашан тыныш, өмір сүруге саңылау ашылады?
— С/е! - арқаңнан қуып жеткен Крис білегіңнен тартып.— Әлде де сенбейсің бе?
— Жіберші, Кристиан!
— Қайда барасың?
— Білмеймін..
#Елестетші, кеш түсіп, күн қызарып батып бара жатыр. Тэхён дайындықты бітіріп, үйге келді. Саған күні бойы елу мәрте қоңырау соқты. Көтермегесін, анасынан сұрап еді, таңда шығып кеткеніңді айтты. Содан бері әлі жоқсың. Келсе, Ранидың өзіде уайымдап, сенімен еріп, бармағаны үшін бармағын шайнап отыр екен.
— Қайда кетуі мүмкін?
— Білмеймін, апа. Білмеймін! - ыстық тер шекесін өртеп, бір орында тұра алмай, бөлменің әр жерін кезіп жүре берді. Тағыда, осы жолы да адамдарын дүниенің төрт бұрышына жөнелтті. Расында, білмейді. Не істеу керек? Сен бұлай жоғалып кете берсең, не істейді? Мүмкін, ізіңе адам салып қояр? Жатсаңда, тұрсаңда сені қадағалайтын? Білмейді!
— Көке, С/е жоғалып кетті ме? Енді қайтып келмейді ме? - өз алдына алдаусырап жүрген Ханни біліп қойған секілденді.
— О, не дегенің, құлыншағым-ау? Деміңді жел ұшырсын..- Ранидің жүрегі қарсы айрылып.
5 сағаттан кейін.
Сенен не хабар, не дерек жоқ.
Тэхён ауру болып бітті. Қаланың бар жерін тінтіп жатыр. Еш өзгеріс жоқ. Жер астына кіріп кетпесең, ес-түссіз ғайып болдың. Тэхён қаланың бар бейнебақылауын жіті тексеріп, бармаған жері, баспаған тауы қалмады. Бұл жолы ол Кристианға ештеңе айтпады. Алдын сені өз алдына желкелеп алып келген Кристиан бұл туралы мүлде жақ ашпады. Мүмкін, ойы сан-саққа шашырап не істерін түсінбей жүрген болар. Бірақ, Кристианға айтқан күннің өзінде, ол ана күнге қорлаудан кейін тауып беруге келісер ме еді? Міне, оны айтпауына басты себеп!
Тауып беру? С/е қашып кетті ме? деген ой оның санасына сап ете қалды. Жоқ, ол мұндай іске бармайды. Ол бұны өйтіп үн-түнсіз жалғыз қалдырып кете бере ме? Дегенмен, ол бұдан бұрын қашып кеткен. Бірінші болған нәрсе екіншісінде де қайталануы мүмкін емес пе?
— Қарғыс атқыр! - Тэхён көліктің дөңгелегін теуіп жіберді.
Ол қазір жер-көкті тінтіп болып, сөз салатын орынға келген еді. Жоғары ілініп көркейтіп тұрған ақ маталар желмен жағаласа ары-бері ұшып жүр. Ал, қойылған биік майшамдар желдің күшімен буырқанып сөніп қалды. Себелей төселген жанды гүлдер болса солып барады. Қаңырап қалған. Таң атуға жақын. Бір-екі сағаттан кейін күн шығады. Тэхённың көз ілмегеніне де қазір 1 тәулік өтіп кетіпті. Ол көлікке тірелген күйі шылымын түтетіп, аузына салып алды.
Қолындағы телефонда жазылған нөмірге тоқтаусыз қоңырау шалып жатыр, шалып жатыр.
— Мырза! - өзіне арырақ тоқтаған көліктен шығып, жүгіре келе жатқан Маркус әлденеше хабарды жеткізердей асығып.
( Маркус Тэхённың қанатының астындағылардың бірден бірегейі)
7 сағат алдын.
Көліктің терезесіне бас қойып, жол бойы міз бақпай Магридждың айтқан әңгімесін тыңдап келесің. Өзі не үшін мұнымен кетіп барасың, белгісіз. Түс секілді. Бұл жолы Тэхённан қашып барасың. Жоқ, жай ғана Тэхённан емес, болашақ сәбиіңнің әкесінен?
Бойыңды үрей билеп алғаны соншалық, ойыңды бұл оңай азғырып кетті. Ұзақ уақыт алдын жоғалған қорқыныш қайта келіп жармасқандай. Бұл сендегі оңай қабылданған шешім емес. Мың күйіп, мың пісіп осыған тоқталдың. Ол айтқандай, ертең суреттегі қыздардың күйін бастан өткермеске кім кепіл? Кім кепіл?!
— Кір, жайғаса бер, - Крис үй есігін ашып әуелі сені өткізіп жіберді.
Сен табалдырықта тосылып қалдың. Үй тым ескі. Крис сеніңше, Кристиан ақшаның арасында жасап жүріп, қарапайым үйді баспана қылар ма еді? Қойшы, басыңды қатырмадың.
Сені қонақ бөлмедегі диванға алып келген ол сені сонда қалдырып, өзі екінші бетіне отырды.
— Бірдеңе ішесің бе?
Басыңды шайқадың. Сол кезде Тэхён қоңырау шалып бастап еді, көтермегеніңді көрген ол:
— Кім? - деп сұрады бәрін ап-айқын біліп тұрса дағы.
— Тэхён..
— Жылап жатырсың ба??
— Жоқ!! - сен басыңды бұрып алып.
— Көріп тұрмын ғой! - ол бет орамалды үстелге қойып. — Қандай жоспарың бар?
Сен біраз уақытқа үнсіз отырдың да, бірде ғана:
— Кристиан? Маған.. ұшаққа... билет ..алып бере аласың ба? - үзік-ұзік сөйлегендіктен сөздеріңнің басын біріктіре алмадың.
— Мейлі, қайда барасың?
— Германияға
— Ол жақта не істейсің?
— Нең бар! Алып бересің бе, жоқ па? - сен енді өкпелеуді бастап.
— Жақсы-жақсы! Алып беремін! - Крис күліп. Түсініксіз жағымсыз күлкі. Оның әдемі бетінде бір күдік ұялататын сыр жатқандай.
2 сағаттан кейін
— Міне, осында кіріп мызғып ал, - деді жарығы әлсіз жанып тұрған бөлмеге кіргізіп жіберіп.
— Қашанға дейін осында қалуы ма болады?
— Қанша қаласаң, сонша!
— Крис?
— Демалып ал, қалғанын кейін ақылдасамыз! - есікті жауып кетіп қалды.
4 сағаттан кейін.
Жеті қараңғыда тамағың құрғап, ас бөлмеге барып су ішіп келмек болдың. Бөлме жарығын жағып едің, жағылмады. Түк көрінбей, есікті әрең тауып, ашуға тырысып едің, есік бекітілген. Аша алмадың.
— Крис! - есікті қағып, шығар-шықпас дауыспен оны шақырдың. Мүмкін, тұтқасы бұзылып қалған болар? Қайта-қайта басып көрдің, болмады. Крис ұйықтап жатқан болар? Үйге көптен бері жөндеу жұмысы жүргізілмеген, бәлкім осы үшін ашалмай тұрған боларсың?
— Оянды. Бар! - деді Крис өзімен қатар отырған Магриджды саған жұмсап.
1 сағаттан кейін
— Ақырғы рет Аурухананың жанында көріпті. Одан соң бөтен көлікке отырып кетіпті, - телефон арқылы қала бейне бақылауларын көрсетіп жатқан Маркус Тэхённың құрыған діңкесіне дем бітіргендей болды. Сол мезетте Тэхёнға белгісіз нөмірден қоңырау келіп жатты. Тэхён осыменен түгеткен 12-ші темекіні табанымен таптап жатып, оны көтерді.
— Тэхён..
— Кімсің?
— Қиналып отырғаныңды іштей сезіп жатырмын. Білсең ғой, бұл маған қандай рахат сыйлайды?
— Кі..
— О! Оу! Танып қойдың ба?
— Сука! - Тэхёнға енді бәрі анық бола бастады.
— Әбден ақ тер-көктер болдың. Бірақ, таба алатыныңа неге сонша сенгеніңе таңым бар!
— МАГ-РИДЖ! МОЙЫНЫҢДЫ ҮЗЕМІН! - тамағына тығылған ауыр ызадан дауысы қатқыл, қатты шығып.
— Оны қашанғы қасыңда ұстамақ ойың бар еді? Күйеуінен тартып! Күйеуінен тартып, иә?!
— С/Е ҚАЙДА? - оның сабыры сарыла бастады.
— Не істейсің?
— Магридж.. БЛЯДЬ! МАЛ! - бақырып.
— Жарылып кетердей күйдесің бе? - қарқылдап күле.
— Қазір жіберемін. Қайда екенін өзің түсініп аларсың! - тұтқа үзілді.
— ҚОҢЫРАУДЫҢ ҚАЙДАН СОҒЫЛЫП ЖАТҚАНЫН АНЫҚТАҢДАР! - Тэхён бірден жанында тұрған Маркусқа бұйырып, көлікке отырып, жүріп кетті. Рульді тоқтаусыз ұрып, көліктің ішінде аузына келгенін оттап, Магридждың жеті атасынан сыпыртып шықты.
Трасса бойына түсіп кеткенде, телефонына жанағы номерден хабарлама келіп түсті.
#Елестетші, ол хабарлама келгенде, бірден ашып қарады. Хабарлама сурет және астында мынадай сөз болды:
" Біз сондай бақытымыз! Ол менің құшағымда. Мені сағынып қалыпты!" - деген жазу болды
Тэхённың, соғып жатқан жүрегі бір сәтке тоқтап, көзі қарауытып кетті. Айналасы бір пәсте өртке оранып, тәні тозақ отына күйіп жатқандай. Көлік руліде сол кезде басқарусыз қалды. Көлденең жол үстінде кетіп бара жатқан үлкен жүк көлігі (Фура) қиғаш тұрған көлікті байқамай, кетіп бара жатыр...
#browinv
?? Енді не болады? Магридж тірі ме? Крис неге олай жасады?
